Қазақстан Кубогында 5 алтын, 4 күміс медаль еншіледі

👁‍🗨  

Нұр-Сұлтан қаласында грепплингтен Қазақстан Республикасы Кубогы өтті. Айтулы жарыста Түркістан облысының намысын қорғаған созақтық палуандар жалпы 5 алтын, 4 күміс медаль алды. Грепплингтің ги түрінен 2 алтын 2 күміс еншілесе, грепплингттің ноу ги түрінен 3 алтын, 2 күміс медаль алды.
71 келі салмақта қарсыласын қоғадай жапырған Болат Жолшыбеков грепплинг ноу гидан алтын алса, жерлесінің жеңісті жолын жалғаған +100 келі салмақта Жазылбек Беркінбаев, 84 келіде Ұласар Мұхаш тұғыр биігінен көрінді. Даурен Оспанов пен Мыңжасар Алпамыс күміс медаль еншіледі. Грепплинг гиден 84 Мыңжасар Алпамыс, +100 келіде Жазылбек Беркінбаев чемпион болса, +100 келіде Дәурен Оспанов күміс медаль еншіледі.
Грепплингтің қос түрінен де жарыс тұғырына шыққан Ұласар Мұхаш, «Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Кілең сен тұр мен атайын палуандар қатысқан сында топ жару әрине оңай емес. Дегенмен, тыңғылықты дайындық өз нәтижесін берді. Жігіттер жүлделі орындардан көрінді. Жалпы биылғы Созақ ауданыны грепплинг спорты табысты қортындылады»,- дейді.

Е. Райымқұлов