АУДАН ӘКІМІНІҢ ҚАБЫЛДАУЫНА КЕЛГЕН ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛУІ ТИІС

Бүгінгі өткен жеке қабылдауда осылай айтқан Түркістан облысы,  Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев дербес бөлім басшылары және ауылдық округтер әкімдеріне сын айтты. Себебі тұрғындар алдымен ауыл әкіміне жүгінуі тиіс. Тікілей аудан басшысының алдына келсе мәселесі шешіледі деген стереотиптен тұрғындар арылуы үшін ауыл әкімдері барынша мәселені өзі тараптан тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізе отырып, мәселесін барынша шешуді талап етті.

Олай деуінің себебі көптеген мәселер атап айтқанда жер, үй және әлеуметтік мәселесімен жүгіну үшін халық әуре-сарсаңға түсіп шалғай жатқан округтерден аудан орталығына жүгінеді. Олардың мәселесін шешу үшін округ әкімі тұрғындармен кездесу өткізіп бар мәселесін тыңдап, шешілуі қиын мәселер болса аудан әкіміне баяндай отырып, тұрғындармен кездесуді сол округ аумағында өткізу үшін өзі баратынын ескертті. Жалпы бүгінгі өткен аудан басшысының қабылдауына аудан бойынша жеті тұрғын келіп, өздерін толғандырған мәселелерін жеткізді. Қабылдау барысында аудан әкімі әрбір тұрғынның жеке мәселесін тыңдап, бірқатарына заңдылыққа сәйкес жауап берсе, бірқатар жұмыс сұраушылардың мәселесін шешу үшін тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар, әлеуметтік көмек сұраған аудан тұрғынына мүмкіндігінше көмек жасалатынын жеткізді.