Асықата өңірін бөлек аудан етіп бөлу  мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ

Құрметті  «Qamshy.kz» ақпарат агенттігінің редакциясы! 1 наурыз күні сіздердің порталдарыңызда жарық көрген Мырзантай Жақыптың  әлеуметтік желідегі парақшасында Елбасының атына жазған жазбасына сәйкес төмендегіні хабарлаймыз:

Біріншіден Мырзантай Жақып Жетісай ауданының тұрғыны болмасада, біздің өңіріміз туралы жазған жазбаларын жеке азаматтық ұстанымы деп қабылдаймыз, алайда  қазіргі таңда мақалада айтылғандай Асықата өңірін бөлек аудан етіп бөлу  мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқтығын мәлімдейміз.

Асықата жұртшылығы Елбасының бұрынғы іріленген Мақтарал ауданын Мақтаарал және Жетісай аудандары етіп екіге бөлу туралы Жарлығын ыстық ықыласпен қабылдап, қолдау білдіріп отырғаны жасырын емес. Сондықтан бұл келешектің еншісінде. Біз жазба авторы Мырзантай Жақыптың «Түркістан облысындағы Мырзашөл өңірінің халқы Елбасыдан Асық ата ауданын қайта құруды сұрап отыр» дегенін негізсіз деп санаймыз.

Мырзантай Жақыптың ұлтжандылығына ризашылығымызды білдіре отырып, бүгінгі таңда бұл тақырыпқа қайта оралудың қажеттілігі жоқ.

Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

41 рет оқылды

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *