Арыста инвестиция көлемі 5 млрд. 831 млн. теңгеге жеткен

Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек мәлім етті.

Өнеркәсіп, шағын және орта кәсіпкерлік, туризм және ауылшаруашылығы салаларында іске асырылатын жобалардың есебінен 2018 жылы бюджеттік емес инвестиция көлемі 2 млрд. 864 млн. теңгені құрайды деп жоспарланған.

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында 3 жобаға қолдау көрсетіліпті. 2018 жылы аталған бағдарлама аясында 7 жобаға қолдау көрсетілетін болады. Оның 3-і субсидиялау, 2-і кепілдендіру, 1 грант, 1 инфрақұрылым бойынша жүзеге аспақ.

Сонымен қатар, өткен жылы өңірдегі ауыл шаруашылық өнімінің көлемі 13 млрд. 142 млн. теңгені құрап, нақты көлем индексі 110,6 пайызға жеткен. Сондай-ақ, былтыр жылыжай алаңы 3,1 гектарға артса, ағымдағы жылы 6 гектарға жылыжай салу жоспарлануда.

 

190 рет оқылды
  • 17
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.