Арыс қаласында Жолдауды талқылау мақсатында қалалық активінде жиын өтті

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және насихаттау мақсатында қалалық активімен кездесу жиын өтті.

Ел тұрғындарының өмірі мен сапалы тұрмысын жақсартуда, экономикасы дамыған, әлеуеті жоғары мемлекет қалыптастыруда осы Жолдауда қойылған міндеттердің маңызы өте зор.
Кездесуді қала әкімі М.Қадырбек ашып, жүргізіп отырды.
Жиынға қала әкімінің орынбасарлары, мекеме, бөлім басшылары мен қызметкерлері, қалалық мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, этно мәдени орталық өкілдері, жастар және қала тұрғындары қатысты.

Жиын барысында шаһар басшысы Мұрат Болатұлы Елбасының Жолдауынан туындайтын міндеттер аясында, Арыс қаласы аумағында бүгінді таңда атқарылып отырған және алдағы атқарылатын жұмыстар бойынша баяндама жасады.

Сондай-ақ, Жиделі ауылдық округінің төбе биі, қаламыздың «Құрметті азаматы» А.Абилов, Жиделі ауылдық округі «Аққала» жалпы орта мектебінің директоры Е.Мәуленов және қала жастары атынан Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі Н.Досымбек жарыссөзге шығып, өз пікірлерін білдірді.

32 рет оқылды

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *