Арыс қаласында «coworking» заманауи білім орталығы ашылды

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдардың бәсекелік қабілетіне айналады. Сондықтан әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек» деген болатын.

Осы орайда, Түркістан облысы Арыс қалалық «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мекемесі жанынан қала тұрғындары мен жастарға арналып «Сoworking» заманауи білім орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Заманауи білім орталығының ашылу салтанатына «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Жолдасов, Арыс қаласының әкімі М.Қадырбек, қалалық мәслихат хатшысы А.Байтанаев, «Нұр Отан» партиясы Арыс қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары И.Қалиев, қала әкімінің орынбасарлары қатысты.

«Сoworking» орталығы — кез-келген адамға өзінің сүйікті ісімен айналысуына, арнайы тақырыптарда дөңгелек үстелдер, семинарлар мен тренингтер ұйымдастыруға, шахмат, дойбы ойнап, қолөнер бұйымдарын жасауға зор мүмкіндік тудырып, орталыққа келушілердің бос уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуге арналған мекен болмақ.

44 рет оқылды

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *