АРБАУШЫҒА АРБАЛЫП, АДАСПАЙЫҚ

Бүгінде елімізде түрлі псевдодіни ағымдар мен секталар жұмыс істеп жатқаны шындық. Олардың барлығының басты мақсаты – қалайда өздері секілді адасушылардың санын көбейту. Қарапайым адамдарды өз қатарына тартуға машықтанғандарды топтастырған түрде арбаушылар деп атауға болады. Олардың басты ерекшелігі адамның психо-физиологиялық болмысын жақсы меңгергендігінде. Осы білімдерін теріс мақсатта пайдаланып, кісінің әлсіз тұстарын, не нәрседен әсерленетінін анықтайды. Нысанаға алынған адамның жандүниесіне бойлай еніп, оны кереғар сенімгекіргізудің сан түрлі тәсілдерін қолданады.

Арбаушылар жеке бір адамды жолдантайдыруда алдына жақын және алыс (түпкі) мақсаттарды белгілеп алады. Сөйтіп, оған жетудің орайы келгенде өз ойын табиғи немесе кездейсоқ жағдайға ұқсатып жүзеге асырады. Арбаушының бұл әрекеті жоспарланған іс емес, өмірдің ағымы болып жатқандай көрінеді. Арбаушылардың мынадай ерекшеліктерін бөліп көрсетуге болады:

1. Адамдармен өте көркем түрде сөйлесіп, жылы да жұмсақ сөздермен оның ішкі жан-дүниесіне енугетырысады. Осылайша олар ең алдымен өзінің емес, алдына келген адамның мәселесін маңызды етіпкөрсетуге тырысып, әңгімені содан бастайды. Мұндай жылу, мұндай қарым-қатынас көрмеген адам әлгіні өзіне жақын тұтып, ажырамас досретінде есептейді.

2. Арбаушы көбінесе қиыншылыққа төзімсіз, өмірілік тәжірибесі аз, білімі таяз жандардытартуға тырысады. Өйткені білімсіз адамның өте көнгіш келетінін жақсы біледі.

3. Адамдардың мейірімге, жәрдемге, ішкі сырынбөлісе алатын жандарға мұқтаж екенінбілгендіктен, осының барлығын көрсетуге тырысады. Бұл адамдардың оңай құрыққа түсуіне бірден-бір себептердің бірі. Адамға қажетті негіздерді, яғни сенімге деген мұқтаждық, материалдық қажеттілікті шешу кез келгенадамның басты мәселесі болғандықтан мұны қанағаттандыру өте тиімді тәсіл екенін жақсы біледі.

4. Ең бастысы адамның болмысындағы бірқұдіретке сену деген ерекшелігін пайдаланаотырып, Құдайға деген сенімнің адамға берерпайдалаларын бір қарағанда адамға білінебермейтін өте шебер бұрмаланған алдамшыұғымдарын өте оңай тәсілдермен түсіндіріп адамның сеніміне кіруге әрекет жасайды.

5. Адамның ішіндегі қорқыныш сезімін бұрыс жаққа бұрып, қорқыныш сезімін өзінің мақсаттары жолында өте тиімді пайдаланып, осы арқылы көпнәрселерден тыйып, сенімді әрі ешқандай үрей мен қорқыныштан ада болып өмір сүрудің жолыөздерінде екенін жан-жақты түсіндіріп, миынақұйып тастайды.

6. Адамның сенімі мен ойы не нәрсеге де болсаанализ жасамай толықтай «соқыр» сенімменберілетін болса, ол өзі бағытталған обьектіні қалай да еңсереді. Бұл жолда ол «бұйрықты орындаушы» ретінде ешнәрседен тайынбайды. Өзіндік «менінен» айырылып, мәңгүртке айналады. Оларды бұл бағытта кісі ақылы мен миын оның сенім және сезім әлеуетін «мақсатты пайдалану және тиімдіжұмсай білудің» қас шебері деуге болады.

7. Олар түрлі буын өкілдеріне яғни бала, жастар, ересектер, орта буын өкілдері, қариялардың да қажеттіліктерін, олардың психикасын терең білгендіктен, олардың әрқайсысыларына түрлі іс-шаралар ойлап тауып, өздерінен алшақтауға мүмкіндік бермейді. Осылайша жастар үшін әдемі музыка, көңіл көтеретін неше түрлі ойындар, қариялар үшін де өздеріне сай іс-шараларұйымдастырып көңілдерін көтеруге тырысыпбағады. Мұндағы негізгі мақсат біреу, адамдыөздеріне тәуелді ету.

8. Арбаушылар өздерінің ішкі тәртіптері мен құрал-қағидалары арқылы әрі оны жүйелі түрде орындатқызуға шақырып, мықтап байлап тастайды. Бұл әдетке айналғаннан кейін кісі қол-аяғына кісенсалынғандай, өз еркінен айрылғандай көнбіс күйге түсіп, ол ахуалды бірте-бірте психологиялық та физиологиялық та заңдылық деп мойындайды. Бұған мысал ретінде тұсаумен жүрген жануардыберуге болады. Тұсаулы жануардың тұсауын шешкеннен кейін де ол тұсаулы сияқты сезініп, біраз уақытқа дейін қос аяқпен дұрыс жүре алмайәбігерге түседі.

9. Кітаптарындағы ойдан шығарылған ақпаратты құдайлық қасиетті хабар атымен әспеттеп, оған ешқандай күмәнмен қарамауға оның ішіндегілердің барлығы шынайы шындық деп шеберсендіргендіктен арбалғандар соны ғана көбірек ойлауға, оның ішіндегілерді бұлжытпай орындауға дағдыланды, машықтанады, бірте-бірте бұл олардың міндетіне айналады.

Міне, мұның барлығы адамның психо-физиологиялық болмысын жаулап алудың жолдары. Егер мұның барлығын орындаған адам, сол ортада сол бағыттағылармен жалған ұғым түсінік деңгейінде болса да еркінен тысқосақталған болса, көп жағдайда олардың құлақкесті құлдарына айналады. Тіпті, еліктіру-желіктіру әдістері шалық, экстаз, тарнс әлеуеті шегіне жеткенде кісілік қарым-қабілетін жоғалта қатты әсерленеді де қатты берілгендері ес-түсінен айырылып құлап жатады. Бұл олардың зомбиға айналған түрі. Яғни ақылдың қызметін гипноз, бейтараптау амалдары ауыстырғанда оның өзіндік«мені» істен шығады. Адам шын мен жалғанның арасында ақиқатты түйсіну, түсінуден шеттепқалады. Бұл арада міндетті түрде діни орта, немеседіни ұғым-түсініктер талаптары мен шарттарыараласуы қажет етілмейді. Дін бұл арада тек қана масканың қызметін («бүркеншік») атқарады.

Арбаушылар адамның ақыл күшін барынша тұмшалап, тек қана оның арнайы сезіммен жүруіне күш салады. Тек қана алдамшы сезімге беріліп өмір сүру адам баласы үшін үлкен опат болары анық.

 

© Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің
Ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, дінтанушы
Ф.Тайтелиев