«АРАЙ-2018» БАЙҚАУЫНЫҢ АҚТЫҚ КЕЗЕҢІНДЕ 39 ҮМІТКЕР БАҚ СЫНАЙДЫ

     ОҚО Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен  «Арай-2018» жас эстрада әншілері және мәдени іс-шара жүргізушілерінің байқауы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын насихаттай отырып Астананың 20 жылдығына орай облыстық  деңгейде өткізілуде.

Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда ұйымдастырылған жартылай финалда 94 үміткер өнер көрсетіп, талаптары мен дарындары сынға түсті. Олардың 59-ы жас эстрада әншілері жəне 35-і мəдени іс-шара жүргізушілері болса, бұған дейін байқаудың алғашқы іріктеу кезеңі облысымыздың аудан, қалаларында ұйымдастырылып, 450-ге жуық үміткер бақ сынады.

Аудан, қаладан іріктелген жас дарындардың деңгейін анықтай отырып, ақтық кезеңге жолдама берер шараны облыстық мəдениет жəне халық шығармашылығы орталығының директоры Əділханов Нұрлан Ыдырысұлы құттықтау сөзбен ашып берді.

Байқаудың мақсаты- Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын насихаттай отырып, жастарды отансүйгіштікке баулу, ұлттық рухта тәрбиелеу және эстрадалық ән орындау өнерін дамыту, жаңа эстрадалық әндерді халық арасында кеңінен насихаттап жас талант иелерін және облыстағы мәдени іс-шара жүргізушілерін анықтау, республикалық, халықаралық байқауларға қатысуын қамтамасыз ете отырып оларға қолдау көрсету болып табылады.

Сонымен қатар, аталған байқаудың биылғы жылғы ерекшелігі əрбір аудан, қалаға бекітілген тəлімгерлер 16 мен 25 жас аралығындағы
үміткерлерді іріктеп алып, дайындық жұмыстарына жетекшілік жасаса, қазылар алқасы құрамында да барлық тəлімгерлер төрелік етеді.

Жартылай финал нәтижесінде жүзден жүйрік деп танылған жас эстрада орындаушылар ішінде Шымкент қаласынан — Алтай Балжан, Тулепберген Жəния, Əуесхан Рəзия, Қабай Мақсат, Сейітхан Айбек, Бахтов Фарход, Жүнісəлиева Əлима,  Жұбатов Мамырхан (Арыс қаласы), Аян Жүсіп (Бəйдібек ауданы), Нұрмахан Руслан ( Қазығұрт ауданы), Қалдыбай Малика(Мақтарал ауданы), Шахарова Назира ( Ордабасы ауданы),  Мырзахмет Майра(Отырар ауданы), Қорғанбай Айбек (Сайрам ауданы), Ералы Эльмира(Сарыағаш ауданы), Оңласын Бейбарыс( Созақ ауданы), Нарман Бекназар( Төлеби ауданы), Өксікбай Ержан(Түлкібас ауданы), Əшірбек Жандос (Шардара қаласы), Сабыр Балымша  (Кентау қаласы), Көшербай Ұланға (Түркістан қаласы), мəдени іс-шара жүргізушілер арасында Шымкент қаласынан-Пернебек Əйгерім, Жақсыбай Нұрдəулет, Қожатайқызы Айнұр,Мұхтаров Нұрлан, Байбалашов Бағдат жəне Елубай Ақбекет (Арыс қаласы), Ержігітова Айгүл(Арыс қаласы), Мəди Сəулебек(Бəйдібек ауданы), Төреш Сұлтанмахмұт(Ордабасы ауданы),Салтанат Пран(Ордабасы ауданы),Өтеген Нұрдəулет(Отырар ауданы), Анарбек Жасмина (Сайрам ауданы), Тұрғанов Құрманбай(Созақ ауданы),Құрбанқұл Арайлым(Төлеби ауданы),Байжұма Бақытжан (Түлкібас ауданы), Сəрсенбай Дана (Шардара ауданы), Əлжанов Дастан (Кентау қаласы), Срайыл Ақмаралға (Түркістан қаласы) ақтық кезеңге жолдама берілді.

Өңірімізде  23-ші рет өтіп отырған дəстүрлі байқау «Ақкөгершін» деген атпен 1993 жылдан бастау алады. «Ақкөгершіннің» қанатымен ел ішіндегі таланттылар қатары көкке қалықтаса, 1995 жылдан бастап «Арай» байқауы ұлт мәдениетінің шуағын шашты. «Арай» аймақтық байқауының Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарынан шыққан жас әншілері Қазақстан мәдениетін тіпті шет мемлекеттерге танытса, 2003 жылы «Арай» жас әншілердің эстрадалық ән байқауы алғаш рет Қазақстан Республикасы Мәдениет, Ақпарат және Қоғамдық келісім Министрлігінің қолдауымен Республикалық деңгейдегі өнер әлеміне қадам басты. Содан бері Бақытжан Қажымұханов, Бауыржан Исаев, Владимир Ступин, Нұрғали Тұрлыбеков, Алтынай Жорабаева, Нұрлан Еспанов, Мадина Садуақасова, Асқар Жүнісбеков, Олжас Бекбауов, Қайрат Түнтеков, «Жігіттер» квартеті, Тахмина Әшімбекова, «Мұнарлан» тобы, «Өркен» тобы сынды көптеген  әншілер қазақ эстрадасының жұлдызына айналды. Жастарды үлкен өнерге жетелеген, елді өзінің рухымен сусындатқан «Арай» атты жас әншілердің республикалық байқауы қазіргі таңда облысымызда өтетін дәстүрлі, тұрақты өнер байқауына айналды.
Өнер додасының ақтық кезеңі 22 ақпан күні облыстық орыс драма театрында өтеді.

136 рет оқылды
  • 16
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.