АЛТЫ МАЙДАНГЕРГЕ КӨЛІК МІНГІЗДІ

Созақтықтар Отан соғысының 6 ардагеріне автөкөлік кілтін табыстады.

Осыдан 73 жыл бұрын адамзат тарихында ең ауыр және қанды соғыстың соңғы оқтары атылды. Содан бері 1945 жылдың 9 мамыры жұртшылық жадында ерлік үлгісі, мұқалмас ерік жігір мен қажырлы еңбектің символына айналды.

                        
Осынау қанды қырғында, ауданнан 6 мыңдай азамат отанын қорғауға аттанса, 83 пайызы соғыс даласында қаза тауып, елге оралмады. Олар өз өмірлерін қия отырып, өзінен кейінгі мыңдаған, милиондаған ұрпақтарының өмірлерін аман сақтап қалды.
Сұрапыл соғыс жылдары созақтық қаһарман жауынгерлер өздерінің бар ынта жігерлерінің арқасында Жеңіске жетуге өзіндік із қалдырды. Бүгінгі таңда солардан қалған көзі тірісі 6 соғыс ардагері ғана ортамызда.                                                        
Бүгін аудан орталығы Шолаққорған ауылында 9 мамыр Жеңіс күні мерекесі аталып аталып өтті. Орталық даңық саябағында жалпыхалықтық шеру өтті. «Белгісіз сарбаз» ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, құран бағышталды, соғыс сарбаздарының руханы тағзым етілді.                                                                                                               
Мерекелік шарада аудан әкімі Салыхан Полатов тұрғындарды мерекемен құттықтады. Бүгінде немере шөбере сүйіп отырған, абыз ақсақалдар, Отан соғысының ардагерлері Тәжі Нұрқожаев, Мырзахмет Жылысбаев, Оспан Бексейтов, Сергей Дранов, Шамил Тагев, Әуесхан Шайдазимовқа су жаңа нива автокөлігінің кілтін салтанатты түрде табыстады.
Отан соғысының ардагері Мырзахмет Жылысбаев: -Еліміз аман, жүртымыз тыныш болсын. Тыныштықпен береке бірлікті сақтап отырған Елбасымыз аман болсын. Кейінгі ұрпақ соғысты көрмесін,- деген жүрекжарды лебізін білдірді.
Одан бөлек, уран өндіретін «Катко», «Инкай» компаниялары қаржылай сыйлықтар ұсынды. Мереке күндері ауған соғысы, Чернобыль апатына қатысушылар мен тыл ардагерлеріне да аудандық бюджеттен қаржылай сыйлық табыс етілді.
Меркелік шара орталық ипподромда бәйге, көкпар, қыз қуу сынды ұлттық спорт түрлерімен жалғасты.

272 рет оқылды
  • 24
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.