Қала күнінде қоғамдық көліктер тегін жүреді

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2018 жылғы 19 маусымдағы №702 Жарлығымен Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қалалардың санатына жатқызылған болатын. Сол жылы Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясында Шымкент қаласының «Қала күні» мерекесінің өтетін күнін белгілеу мәселесі қаралған болатын. Шымкент қалалық мәслихатының депутаттары әкімдік ұсынған Шымкент қаласының «Қала күні» мерекесін 2019 жылдан бастап 19 маусым күні атап өту туралы мәслихаттың шешімін қолдаған. Былтыр қала күні кең көлемде аталып өткен. Ағымдағы жылы әлемдегі болып жатқан пандемияға байланысты қала күні мерекесі қала тұрғындарының қәуіпсіздігі үшін онлайн форматта өтетін болып шешілді. Әкімдік шешімімен 19 маусым күні қала аумағындағы барлық қоғамдық көліктер тегін жүретін болады. Бұл тралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Бұл хабарламаны естіген қала тұрғындары жергілікті билікке өз алғыстарын түрлі әлеуметтік желілерде білдіріп, қуанып қалды. Айта кетейік, жыл жоңына дейін Шымкентке газбен жүретін жаңа автобустар әкелінеді.