Айгүл Орынбек: «Ауызашарға екі бетіммен бардым»

Белгілі блогер А. Орынбек «Ораза ұстамасаң, ауызашарға қай бетіңмен келесің?», деген Арман Қуанышбаевқа өз ойын facebook-тегі парақшасы арқылы жазды.

«Екі бетіммен бардым! Анау-мынау емес, Шымкенттің қақ ортасындағы орталық мешітке бардым. Барып көрейінші, желкемнен ұстап шығарып жіберер ме екен деген оймен бардым. Біздегі имамдардың ниеті түзу, мінезі көркем болып шықты», — дейді блогер.

Заңгердің айтуынша, пәтуа шығарып жүрген Арман Қуанышбаев мұсылман адам мейірімді болуы керек деген сөзді ұмытып кеткен-ау!

Қасиетті айда зәрін шашып жатқанына қарағанда. Оразаны аш адамға бер деген Алланың үкімі жоқ! Ең бастысы ниетте! Ниетің түзу болсын деп бекер айтпаған, деп жазба қалдырды.

«Ораза тұтпаған бізден емес, намаз оқымаған бізден емес», деп шығатындар осындай уағызшылардың мүридттері!

Жасаған амалыңның керегі не, ниетің дұрыс болмаған соң!», деген ой білдірді А. Орынбек.

Бұған дейін whatsapp желісінде «Ауызашарға қай бетіңізбен келдіңіз?!» деген видео тараған болатын.

  • 123
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *