АҚПАРАТТЫҚ НАСИХАТТЫҚ ТОП СОЗАҚТА

Жолдау жүктеген нақты міндеттерді бәріміз жұмыла жүзеге асыруымыз қажет. Себебі, ел мүддесін көтеретін айқын мақсат қана табысқа жетелейді. Түркістан облысы, Созақ ауданы әкімдігінде өткен жиында облыстық ақпараттық насихаттық топ өкілдері жергілікті тұрғындармен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды oninfo.kz ақпарат агенттігі.

Елдің еңсесін көтеріп, халықтың әл-ауқатын жақсарту. Жолдау міндеттеген басты мақсат та осы. Ауданға келген насихаттық топ елді цифрландыру жүйесіне нақты тоқталды. Цифрлы Қазақстан бағдарламасы ел ішіндегі ескі жаңғырту үрдісін аяқтап, экономикамыздың әлемдік өсімінің лайықты деңгейіне жетуін қамтамасыз етеді.

«Жиын қатысушылары Президент жолдауын айрықша құптайды. Себебі, маңызды құжат қарапайым азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған. Әсіресе, білім саласы мен ғылымды дамытуға үлкен ден қойылғаны ерекше қуантады» — дейді философия ғылымдарының кандитаты Сәкен Мәжінбеков.

Кездесу соңы ашық пікір алмасуға ұласты. Сондай-ақ, топ мүшелері ауданның барлық  ауылдық округтеріне баратын болады.

30 рет оқылды

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *