А.Орынбек: «Орысша білмесең «мамбетсің»

«Қайрат неге акцентсіз əн айтуы керек?», — дейді белгілі блогер Айгүл Орынбек. 

Оның жазбасын қаз-қалпында назарларыңызға ұсынамыз.

«Қайрат Нұртас кино түсіруден жақсы емес шығар, алайда әнші ретінде біз оны сыйлауымыз керек. Себебі ол үнемі қазақ тілінде сөйлеп, қазақ тілінде ән айтқаны үшін.

Ағылшынша ән айтқаны көп сынға ілініп жатқанға ұқсайды. Бірақ, Қайрат неге акцентсіз айтуы керек?

Неге біз «идеалный» болуымыз керек?
Еуропа елдерінде тілдің акцентіне қарап, қай елдің адамы екенін таниды. Ал біз кез келген тілде таза сөйлеуіміз керек деп санамызға құйып алғанбыз. Құлдық сана, өзге ұлттың тіл арқылы боданына айналу қалыптасып қалған.

Орыс тілінде дұрыс сөйлей алмасаң «мамбеткасын»!

Кекетіп, мұқатып адамның намысына тиіп, өздерін керемет «идеалный» етіп көрсету. Осы біздің жетістік.

Өсіп келе жатқан баланы жан алқымынан алып тұншықтыру жалпақ тілде айтқанда.

Мейлі акцентпен айтсын, мейлі айтылуында қателік жіберсін, ең басты нәтиже ол емес, ең басты нәтиже ол оған талпынып көрді. Ол Қайраттың қолынан келді. Ауылдан шыққан көп жастарға Қайрат үлгі!

Әншілік жағынан болмаса да үнемі қазақ тілінде сөйлейтіні көп жастарға өнеге. Біле білсеңдер, біраз шала қазақтар Қайрат Нұртастың әнін айтып жүріп, қазақ тілін меңгере бастаған.

Біраз жастар осылай акцентпен сөйлеп жүргендер үшін іштей қынжылады. Себебі бізде отырып алып мазақ қылып күлетіндер толып жатыр. Топастық, құлдық санадан құтылатын кез келді. Біздің санамыз рухани жаңғыруы керек!».

1 074 рет оқылды
  • 15
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *