АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАРДЫҢ МЕРЕКЕСІ

Бүгін Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ Жоғары медициналық білімнен кейінгі білім беру институтының ұйымдастыруымен Шымкент қаласындағы Политехникалық колледжінде 16 маусым – Медицина қызметкерлерінің күніне орай салтанатты шара өтті.

Денсаулық – адам үшін баға жетпес байлық. Бұл мереке құрмет пен алғысқа бөленген, Гиппократ антын қабылдап, қай кезде болмасын әрдайым сенімділікті сақтайтын, асқан шеберліктің иесі ақ халатты абзал жандардың мерекесі.

Бұл айтулы күнде Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Жоғары медициналық білімнен кейінгі білім беру институтының оқытушы-профессорлары мен болашақ дәрігерлер-білімгерлер де өздерінің жұмыстарына қорытынды жасап, жетістіктерімен бөлісуді дәстүрге айналдырған.

Институтта 1087 интерн дәрігер білім алуда. 7 профессор, 18 ғылым докторы, 63 ғылым кандидаты, 3 PhD докторы, жалпы 222 ОПҚ жұмыс істейді.

Ендеше, қиналғанда көмек сұрап, ауырғанда шипа іздеп алдына барған кез келген науқасқа қолдау көрсететін, өмірлеріне қауіп төнген сәтте араша түсіп, тіпті кейде екінші рет өмір сыйлап жататын барша дәрігерлерімізді мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!

107 рет оқылды