«7-20-25» бағдарламасы әр отбасына үлкен мүмкіндіктерге жол ашады

Шымкентте ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Бес әлеуметтік бастамасының» жүзеге асырылуын бақылау жөніндегі Қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен өткен кездесу «7-20-25» бағдарлама бойынша бірегей ақпараттық орталығында жалғасты, деп хабарлайды oninfo.kz ақпарат агенттігі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанда алғаш рет «Әр отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» бойынша тұрғын үйді сатып алғысы келетіндерге көмектесу үшін Шымкент әкімдігі фронт-офис ашты. Ақпараттық орталық «бір терезе» қағидаты бойынша «7-20-25» бағдарламалары аясында қала әкімдігі ұсынатын мемлекеттік қызметтердің барлық түрлерін көрсетеді.

Тақырыптың жалғасы бойынша республикалық кеңестің мүшелері Ақжайық шағынауданындағы үйлердің құрылыстарымен танысты. Қалалық құрылыс басқармасының бастығы Әбілсейіт Рабаевтың айтуынша, қазіргі уақытта «7-20-25» бағдарламаларын іске асыруға сегіз үй кешенінің 136 пәтері дайын, ал екінші жарты жылдықтың соңына дейін 275 пәтер пайдалануға беріледі. Олардың көбі 2-3 бөлмелі пәтерлер. Сонымен бірге, Ұлттық Банктің деректері бойынша, тамыз айының ортасында Шымкент  қаласында  662,6 млн теңгеге тұрғын үй заемдарын алуға 77 өтініш келіп түсті.

– Елбасының  бірінші бастамасының аясында әзірленген «7-20-25» бағдарламасы әр отбасына үлкен мүмкіндіктерге жол ашады. Жергілікті әкімдіктер, жауапты мемлекеттік органдар осы бағдарлама бойынша жұмысты күшейтуі керек, – деді қоғамдық кеңестің мүшесі, ҚР Мәжіліс депутаты Азат Перуашев.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *