“7-20-25” бағдарламасы бойынша баспана алу үшін не істеу керек?

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев “7-20-25” ипотекалық бағдарламасының талаптарын атап өтті, деп хабарлайды Sputnik.

“7-20-25″ бағдарламасына қатысу үшін әуелі сатып алатын баспананы таңдау керек. Баспананың шекті бағасы бекітіледі. Мәселен, Астана, Алматы, Ақтау, Атырау қалаларында ең жоғары баға 25 миллион теңге болса, өзге аймақтарда 15 миллион теңге. Несие алушы банкке өтініш жазып, құжаттарын қалдырады. Несие алушының табыс көзі болуы міндетті. Сонымен қатар меншігінде баспана болмауы тиіс”, – деді банк төрағасы.

Айта кетейік, Елбасы ұсынған “7 – 20 – 25” жаңа тұрғын үй бағдарламасы 2018 жылдың екінші жартысынан бастап іске қосылады.

Дерек көзі: stan.kz

  • 24
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *