№65 мектептің мақтаныштары

Шымкенттегі Ыбырай Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясының оқушысы Абуталипов Олжас ағымдағы жылдың 3-7 ақпан күндері бокстан Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырған жасөспірімдер арасындағы қалалық чемпионатта  І орын иеленіп, республикалық жарысқа жолдаманы ұтып алса, Миятбек Бақберген ағымдағы жылдың 7-9 ақпан күндері Түркістан қаласында өткен «Сүйіліш батырды» еске алуға арналған таеквандодан (WT) балалар, кадеттер және жастар арасындағы Қазақстан Республикасының ашық турнирінде ІІІ орынды жеңіп алды.