5 ауылға табиғи газ берілді

Түркістан облысы, Жетісай ауданында бір күнде 5 ауылға табиғи газ берілді.  Салтанатты шараға Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы қатысып, жергілікті тұрғындардың қуанышымен бөлісті. Алдымен өңір басшысы Ш. Ділдәбеков ауыл округіне қарасты Достық елдімекеніндегі газ торабының іске қосылу рәсіміне қатысты.

«Құрметті түркістандықтар! Қадірменді Жетісай ауданының тұрғындары! Бүгін сіздер мен біздер көптен күткен үлкен қуаныштың куәсі болғалы отырмыз. Яғни, бүгін Түркістан облысына қарасты Жетісай ауданында 5 елдімекеннің түрғындары табиғи газға қол жеткізіп отыр. Қазіргі таңда Жетісай ауданында 104 елдімекеннің 46-сы, яғни 22 096 абонент табиғи газбен қамтылса, бұл аудандағы елдімекендердің жалпы санының 44,2 пайызын құрап отыр. Ал абонент саны бойынша 74,4 пайызға жетті», — деді Жансейіт Қансейітұлы.

Аталған нысанның құрылысы 2017 жылдың қыркүйек айында басталған. Облыстық бюджет есебінен жүргізілген нысанның жалпы сметалық құны 102,6 млн теңгені құрайды. Мұндағы газ тарту жұмыстарымен «Шаңырақ» ЖШС-гі айналысқан.
Жалпы биыл Жетісай ауданындағы елдімекендерді газдандыру мақсатында 5 нысанның құрылысына облыстық бюджеттен 615,4 млн теңге қаралған болатын. Оның ішінде 1 нысанның құрылыс-монтаж жұмыстары 2018 жылдың шілде айында аяқталса, 3 елдімекеннің құрылысы жыл соңына дейін ел игілігіне тапсырылады деп күтілуде.

36 рет оқылды

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *