№15 мектеп-лицейінің директоры не себепті қызметтен кетті?

Шымкент қаласындағы  №15 Д.И.Менделеев атындағы мектеп-лицейіндегі дау қайта шыға ма? Себебі, аталған білім ұясының директоры болған азаматша қатаң сөгіс алып, қызметінен кеткен соң, конкурс арқылы қайтадан бұрыңғы қызметіне оралмақ ниетте.

Оқиғаны басынан бастасақ. 2017 жылдың 27 наурызында №15 мектеп-лицейіне конкурс арқылы жаңа директор тағайындалады. Ол азаматша жұмысын жақсы бастайды. Мектепке басқа білім ошақтарына ауысып кеткен білікті ұстазды қайта шықыртады. Түрлі үйірмелер ашады. Жалпы, мектепке бірқатар жаңалық әкеледі. Жаңалықтардың ішінде жас маманға қолдау көрсетпей, өз бетінше жұмыс істеген бастауыш пәні мұғалімінің оқиғасы да бар. Директорға жас маман ұнамай қалды ма? Түсініксіз… Мұғалім аздап қудалауға ұшырайды. Оған шыдамаған әлгі мұғалім директордың үстінен қалалық білім бөліміне арыз жазады. Тексеру барысында арызда көрсетілген жазбаның бірқатары рас болып, мектеп директоры сөгіс алады. Оқиға мұнымен бітпейді. Арада көп уақыт өтпей білім бөліміне ата-ана директордың үстінен арыз жазады. Ол ата-ананың мүгедек баласын сол мектептің мұғалімдері үйіне барып сабақ беруі керек екен. Алайда арызда ол балаға тиісті сабақ өтілмегені жазылған. Тексеру барысында олқылықтар анықталған. Сөгіс алғанына бір ай өтпестен кейінгі жағдайды Шымкент қалалық білім бөлімінің жанынан құралған тәртіптік кеңес қарап, шара көруге лайық деп табады. Осылайша жаңа директор қатаң сөгіс алады.

Мұнан соң №15 мектеп-лицейінде «Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Жолдасовтың көшпелі қоғамдық қабылдау өткізгені туралы facebook әлеуметтік желісінде жарық көреді. Одан кейін «Уақыт» газетінен мынадай жазбалар көз шалған еді. «Не дейсің, мұғалімдерін жіберіп, «Нұр Отанды» паналаған директор Нұрмахан Жолдасовтың қарындасы екен…» деген әңгіме желдей есті. Бірақ бұл жағы бізге аса қызық емес. Бұл іске толық үңілген де жоқпыз. Тек қысқа жазып, facebook әлеуметтік желісіндегі кей мәліметтер шындыққа жанаспайтынын жеткізу.

31 шілде күні mediaon.kz сайты аталмыш білім ордасы жайлы жазды. Мына бір жерін оқып, аздап түсінбедік.  Онда былай деп жазылған: «білім бөлімінің сол кездегі басшысы Ж.Тәжиеваның директорымызға деген көзқарасы, қарым-қатынасы өзгергендей болды.2018 жылдың 26 наурызында келісім шарт мерзімінің бітуіне байланысты мектеп директоры Ж.Е.Саржанованы қызметінен босатты». Бір жылда сөгіс, одан кейін қатаң сөгіс алған директорды білім бөлімі қызметінде қалдырса, ол мектепте білім сапасы қай деңгейде болмақ? Еңбек кодексі бәріне ортақ. Заң шеңберінде жұмыс істелінді. Кез-келген мектеп алдымен білімге назар аударуы тиіс. Ал директордың үстінен қайта-қайта арыз жазылып, ішкі «кухняда» былық болып жатқанда, білім сапасына кім көңіл бөледі?!

1 239 рет оқылды
  • 24
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *