Б.БЕКНАЗАРОВ: «МҰҒАЛІМНІҢ ЖҰМЫСЫ БІРЕУ ҒАНА»

ҚР Парламент Сенаты төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров Шымкент қаласына жасаған сапары аясында үшінші мегаполистен сайланған сенаторлар Нұрлан Бекназаров және Айгүл Қапбаровамен бірге Шымкенттегі N65 мектеп-гимназиясында болды. Алдымен мектептің жас өнертапқыштарының еңбектері мен робототехника көрмесінде оқушылардың бірнеше жұмыстары таныстырылды.

Сондай-ақ білім ұясының мәжіліс залында өткен жиында Сенат төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында айқындаған тапсырмалар мен Педагог мәртебесі жайындағы заң жобасын түсіндірдіп, заң 11 қаңтардан бастап күшіне енетінін жеткізді. Жиынға мектеп-гимназияның мұғалімдері, ардагер ұстаздар жəне БАҚ өкілдері қатысты.

«Негізгі көтеріліп отырған мәселе, мұғалімдерді тек білім берумен, яғни тек қана өз міндеттерімен айналысуы керек. Оларда бір ғана жұмыс бар. Ол — оқушыға білім мен тәрбие беру. Жаңа заң ұстаздарды түрлі жүктемелерден босату, оларды күштеп газет-журналдарға жаздыруға қатаң түрде тиым салады», — деді Бектас Бекназаров.

Енді заңға сәйкес, педагогтарға күш көрсетіп, қол көтергендер жазаға тартылатын болады.Ұстаздар үшін «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік марапатын бекіту көзделіп отыр. Әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру, ауыл мұғалімдерінің еңбекақысын арттыру, «Үздік педагог», «ЖОО-ның үздік оқытушысы» гранттары сияқты әлеуметтік кепілдіктер де заң жобасында қаралған.

Жаңадан күшіне енген заң жобасымен танысқан ұстаздарда өз ой-піркірлерімен бөлісті.