Шымкент: 1 мың автобус сатып алынады

БИЫЛ ШЫМКЕНТКЕ ОТАНДЫҚ 1 МЫҢ ЖАҢА АВТОБУС САТЫП АЛЫНАДЫ.

Қоғамдық көлікті жаңарту үшін биыл отандық 1 мың автобус сатып алынады. Бұл туралы бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғ. Әбдірахымов есеп беру кездесуінде айтты.

Сонымен қатар, құны 23 млрд. теңге ұзындығы 31 шақырым «А-2» айналма жолын қайта құруды және құны 21 млрд. теңге ұзындығы 21 шақырым Ташкент бағытындағы даңғыл құрылысын бастадық. Сондай-ақ, 4 көпірдің құрылысы басталды.

Айта кетерлігі, қоғамдық көліктерге электрондық билет жүйесі енгізілетін болады. Бұл бір жағынан көлік компанияларының жұмысын реттеуге, екінші жағынан графиктердің сақталуына жағдай жасайды.

86 рет оқылды
  • 32
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *